Жайлылық пен қамқорлық: № 18 Студенттер үйінде студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерFarabi University

Жайлылық пен қамқорлық: № 18 Студенттер үйінде студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер

6 қараша, 2024

Аталған іс-шара ортақ құндылықтар мен қағидаттарды бөлісетін, сондай-ақ ортақ өркендеуге, оның ішінде жастардың игілігіне ұмтылатын адамдарды, ұйымдар мен қоғамдастықтарды біріктіретін берік әріптестік байланыстар құру мақсатын қамтыды.
Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасы кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор С.Ж. Сүлейменованың басшылығымен 17 қараша Студенттер күні қарсаңында № 18 Студенттер үйінің 5 қабатында тамақты жылытуға арналған заманауи жабдықтарды сыйға тартып, орнатып, 17 ОЖД іске асырды.
Бұл сыйлық студенттердің әл-ауқаты мен қанағаттанушылығын қолдай отырып, қолайлы жағдайлардың қалыптасуына ықпал етеді. Микротолқынды пештердің арқасында балалар тұрмыстық тапсырмаларға уақытын үнемдеп, оқуға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік алады. Бұл қолайлықтар сабақ кестесі тығыз және жатақханаға кеш оралатын студенттер үшін ерекше маңызды. Микротолқынды пештерді орнату пайдалы бастама ғана емес, сондай-ақ, өмір сүруге ыңғайлы әрі қолайлы орта құруға бағытталған қадам.
Қабатты жайластыру процесі студенттік кеңестің төрағасымен тығыз ынтымақтастыққа негізделген, бұл студенттердің барлық тілектері мен ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік берді.