Табиғатты сақтау – біздің басты мақсатымыз!

5 қараша, 2024

2024 жылы 5 қарашада
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы 
 

ТМД 15 бойынша “Құрлық экожүйелерін қорғау.” Табиғатты сақтау – біздің басты мақсатымыз! атты тақырыпта 304 тобы мен куратор эдвайзермен Медеуге бардық. 
Мақсаты: табиғатты сақтау, құрметтеу.
Табиғаттын бар көркемін көрдік. Сонымен қоса оны құрметтеу өзімізден басталатының, кішігірім қоқысты дұрыс тастаудан ақ басталады! Табиғатты сақтау – біздің басты мақсатымыз! Қоршаған орта – біздің өміріміздің негізі, сондықтан оны қорғау әрбір адамның борышы. Қазіргі кезде экологияның нашарлауы, ормандардың жойылуы, су ресурстарының азаюы, және атмосфераның ластануы сияқты мәселелер жиі кездесуде. Табиғатты сақтау – болашақ ұрпаққа таза және бай орта қалдыру жолындағы маңызды қадам. Әрқайсымыздың табиғатты қорғауда өз үлесімізді қосуымыз қажет. Бұл табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық мәдениетті насихаттау арқылы жүзеге асады.
Әрбіріміз табиғатқа қамқор болуымыз керек. Ормандарды, өзендерді, көлдерді және жануарларды қорғау арқылы біз болашақ ұрпаққа таза, сау орта қалдырамыз. Экологияны жақсарту үшін барлығымыздың қолдауымыз маңызды. Табиғатты сақтап, болашаққа үлес қосайық!