ТДМ (17) "тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік"

5 қараша, 2024

2024 жылғы 5 қарашада " тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" ТДМ (17) іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетіне халықаралық және өңірлік байланыстар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, Тува мемлекеттік университетінің доценті, Л.Ш. Ондар келді. Кездесуге мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент              К.Р. Усеинова қатысты.

Талқылаулар университеттер арасындағы ынтымақтастықты орнатуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл сапар академиялық байланыстарды нығайту және халықаралық серіктестікті кеңейту, екі оқу орнының студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер жасау жолындағы маңызды қадам болды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.