ТДМ-2: ҚазҰУ-да заман талабына сай асханалар жұмыс жасауда

15 қыркүйек, 2024

Университеттің оқу ғимараттарында профессор-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері мен студент-жастар үшін заман талабына сай тамақтану орындары, яғни асханалар жұмыс жасауда. 

Оқу ғимараттарындағы асханадан денсаулыққа пайдалы диеталық тамақтардың түр-түрін табуға болады. Асханалардағы мәзірді әзірлеу және құрастыру кезінде диеталық талаптар ескеріледі, қайнатылған және буға пісірілген тағамдарға, сондай-ақ көкөністер мен жемістерге, сүт өнімдеріне көбірек басымдық беріледі. Сондай-ақ асханаларда қазақ, түрік және еуропа халықтарының мәзіріндегі алуан түрлі тағамдар дайындалады. Мысалы, келушілерге пицца, хачапури, пирогтар, тәтті тоқаштар және түрлі сусындар ұсынылады. Асханалар бір уақытта шамамен 150 адамды қабылдай алады. Асханадағы бағалар келушілердің барлығына қолжетімді. 

Бүгінгі таңда университет әлеуметтік тұрғыдан алғанда аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушыларға оқу ғимаратындағы асханалардан тегін тамақтануға мүмкіндік беруде.