«Жас менеджерлер» атты интеллектуалдық сайысы өттіFarabi University

«Жас менеджерлер» атты интеллектуалдық сайысы өтті

8 қараша, 2024

ТДМ 4 - «Сапалы білім беру» бағытындағы 4-ші мақсатына сәйкес 2024 жылдың 7 қарашасында Экономика және бизнес жоғары мектебі ұйымдастыруымен «Менеджмент» пәнінен - «Жас менеджерлер» атты интеллектуалдық сайысы 16:00-де өтті.

Сайысқа Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Менеджмент" пәнін оқитын 7 білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған командалар қатысты. Ойын барысында: 1-тур: 15 тақырыпты қамтитын пән бойынша сұрақтар; 2-тур: Компаниялар туралы қызықты сұрақтардан құралған викториналар; 3-тур: капитандар сайысында компания логотиптері шетелдік және қазақстандық кәсіпкер-менеджмерлер суреті, бизнес жайлы мақал-мәтелдер сайысы болды. Ойын нәтижесі: 1 орын- Менеджмент кафедрасының 2курс студенттері жеңіп алды. 2 орын - Қаржы кафедрасының 2курс студенттері жеңіп алды. 3 орын - Экономика кафедрасының 2 курс студенттері жеңіп алды. Қатысушылар интеллектуалдық ойындар арқылы дағды мен білімді пайдалана отырып, креативті шешімдер табуға, әртүрлі ситуацияларда дұрыс әрекет етуге, мақсатқа жету үшін ресурстарды тиімді бөлуді үйренді деуге болады.