«Қазақстан Республикасындағы білім берудегі инклюзивтілік»
2024 жылдың 8 қарашасында теория және құқық тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары – Баймаханова Д.М., Культемирова Л.Т., Жапарбек А.М., Нурбакытова Ж.Н., Смагулова С. – «Теңсіздікті азайту» ТДМ 10 аясында 27 гимназияда 9-10 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасындағы білім берудегі инклюзивтілік» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді.
Баймаханова Дина Муратовна кіріспе дәріс оқып, инклюзивтілік ұғымы мен оның негізгі қағидалары туралы айтып, өмірден түрлі мысалдар келтірді. Кездесу барысында оқушылар білім алудағы қолжетімділіктің маңызын және инклюзивтіліктің толерантты, әділетті қоғам құруға қалай ықпал ететінін белсенді түрде талқылады. Дәріс қатысушыларды инклюзивті білім беру ортасын құрудағы әр адамның рөлі туралы ойлануға шабыттандырды.