Студенттер суретші, журналистпен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде студенттерге арналған іс-шара өтті. Іс-шараның басты қонағы – Қазақстанға белгілі суретші,мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кескіндемеші, журналист және мәдениет қайраткері Жанұзақ Мүсәпір болды.
Өзінің шығармашылық жолында Жанұзақ Мүсәпір бірнеше салада еңбек еткен: мұғалім, мектеп директоры, Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және кескіндеме институтында оқытушы, «Қазақфильм» киностудиясында суретші-режиссер, сондай-ақ «Алматы», «Рахат», «Хабар агенттігі», «Қазақстан РТРК», «Мәдениет», «Білім және мәдениет» сияқты ұлттық телеарналарда редакторлық қызметтен бастап түрлі ақпараттық дирекцияларды басқарған. Қазіргі таңда ол «Абай» телеарнасында суретшілердің өмірі мен шығармашылығына арналған «Құдіретті қылқалам» бағдарламасын жүргізіп жүр.
Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай «Белгілі журналист, суретші Жанұзақ Мүсәпір студенттермен кездесу барысында өзінің өмірлік әрі шығармашылық жолындағы жинаған тәжірибесімен бөлісіп, көптеген пайдалы кеңестер берді.
Бұл басқосу журналистика факультетінің студенттеріне құнды тәжірибе берді. Олар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, шығармашыл, қайраткер тұлғаның қарапайымдылығы мен ашықтығына тәнті болды.
Қадірлі қонақ Ұлттық университеттің журналистика факультетінің жаңа тынысымен танысып, студенттермен үш сағатқа созылған сырлы сұхбат өткізіп, жастардың зор ықыласын сезініп қайтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі