Тұрақты және бейбіт қоғамды қалыптастыру жолындағы қадамдар

30 қазан, 2024

Мақсатты даму бағдарламасының  16 бағытына сай 2024 жылдың 30 қазаны күні дінтану мамандығының 3-курс студенттері педагогикалық практика аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Қ.М. Борбасова және 2 курс магистранты Ә.Төлеудің  жетекшілігмен Алматы қаласындағы Қазақстан орталық синагогаға бару ұйымдастырды.

 Синагогада раввин Ешая Коген еврей мәдениеті мен дәстүрлерінің маңызы, сондай-ақ олардың тұрақты және бейбіт қоғамдарды қалыптастырудағы үлестері туралы айтып берді.Кездесу барысында білім мен әртүрлі мәдениеттерді түсінудің әлеуметтік келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды.