“ТДМ 7 – Қолжетімді әрі таза энергия”

10 қараша, 2024

Қазақстанның энергетикасы: болашаққа көзқарас

Физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Электр энергетикасы» БББ 2-курс студенттері арасында “ТДМ 7 – Қолжетімді әрі таза энергия” тақырыбына бағытталған «Қазақстан энергетикасының бүгіні мен ертеңі» атты маңызды ісшара өтті. Студенттер плакаттар, макеттер мен презентациялар дайындап, еліміздегі электр станцияларының өзекті мәселелерін баяндады. Қатысушылар Қазақстан бойынша түрлі электр станцияларының жұмысына тоқталып,  олардың энергетикалық тиімділігін терең талдады. Сондай ақ, дәстүрлі электр станцияларымен қатар жаңартылатын энергия көздері арқылы жұмыс істейтін күн және жел станцияларының да артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Дәстүрлі электр станцияларының артықшылықтары арасында олардың жоғары қуаты мен тұрақтылығын келтіріп, көміртегі диоксидінің жоғары шығарындылары мен экологияға берер теріс әсері секілді елеулі кемшіліктерін де атап көрсетті. Жаңартылатын энергия көздерінің климаттық шектеулері болса да, қоршаған ортаға минималды кері әсері мен энергияны пайдаланудағы шығындардың төмендеуі негізінде болашақта жасыл энергетиканың дамуына үлес қосатынына назар аударылды.  Бұл ісшара студенттердің тұрақты даму принциптері мен энергетика саласының экологиялық аспектілерін ескере отырып, студенттердің кәсіби білім алуда ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, еліміздің  энергетикасының дамуына үлес қосуда сапалы білімнің аса  маңызды екенін айқындап берді.