Студенттеріміз «Level Up» музыкалық фестивалінде үздік өнер көрсетті
                        2 қараша, 2024                    
                
                Жастар ұйымдарының ішінде «Студенттер сенатының» талантты студенттерінен құралған «TOP ART» клубы 2 қараша күні Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткен «Level Up» музыкалық фестивалінде Алматы қаласы бойынша ерекше өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
ҚазҰУ жастарының шеберлікпен орындаған билері көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, фестивальдің ең жарқын сәттерінің біріне айналды. Сонымен қатар талантты әрі өнерлі жастардың басын қосқан «Level Up» музыкалық фестивалінде студенттерге арнайы жаңа рубрикалар, әртістер мен демеушілердің қолдауымен сыйлықтар берілді.
.jpeg)

Басқа жаңалықтар
                                
                                    2 қараша, 2025                                
                            
                                
                                    26 қазан, 2025                                
                            
                                
                                    25 қазан, 2025