«Болашақ прокурордың кеңістігі» бұрышы ашылды
Фараби ғылыми кітапханасында «Болашақ прокурордың кеңістігі» бұрышы ашылды. Бұл бастаманы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бірлесіп іске асырды.
Арнайы бұрышта прокуратураның тарихы, белгілі заңгерлер мен көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын кітаптар мен журналдар қойылған.
Осы іс-шараға байланысты өткен кездесуде сөз сөйлеген ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов: «Бұл барлығымызды әділет және құқық саласындағы білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастырудың жоғары мақсаттары төңірегінде біріктіретін ерекше оқиға. Бұл ретте біздің заң факультеті де маңызды рөл атқарады, ол әрқашан прокуратура органдарымен тығыз байланыста болады және болашақ әділет қызметкерлерін жоғары сапалы оқытуды қамтамасыз етеді», – деп атап өтті.
Идеологиялық тәрбие, психологиялық және кадрлық жұмыс басқармасының бастығы Ернұр Уәли қатысушыларды университеттің атаулы оқиғасымен және мерейтойымен құттықтап, іс-шараның негізгі мақсаты жастарды құқық қорғау саласына қызығушылық танытатын терең біліммен қамтамасыз ететін және прокуратура қызметіне жаңа, заманауи көзқарас әкелетін мамандарды даярлау болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға прокуратура қызметінің маңызды аспектілері, оның заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі және құқықтық тәртіпті сақтаудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Бас прокуратураның тәжірибелі қызметкерлері студенттерге мамандықтың ерекшеліктері, болашақ прокурорлардың кәсіби біліктілігін арттыру жолдары туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара БҰҰ-ның сапалы білім беру саласындағы орнықты даму (ТДМ 4), лайықты жұмыс және экономикалық өсу (ТДМ 8) мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі