Тас өңдеуші тувалық жас шеберлердің көрмесі өтті

11 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Туваның жас тас өңдеу шеберлерінің көрмесі өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – мәдениет мен өнерді насихаттау, сондай-ақ таланттарды қолдау және жаңа есімдерді анықтау.

Ерекше көрмеге Ендан Анай-оол, Аганак Донгак и Серен Донгак есімді жас шеберлердің қолынан шыққан тастан жасалған түрлі қолөнер бұйымдары қойылды.

Көрме аясында Туваның атақты тас өңдеу шебері,  Ресей суретшілер одағының мүшесі және республикалық тас өңдеу өнері байқауларының жеңімпазы Орлан Сат агальматолитпен жұмыс бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Шебер асыл тастарға жататын агальматолиттен бұйымдар жасау технологиясын көрсетіп, дәстүрлі Тува мектебіне тән тасты көркемдік өңдеудің ерекшеліктері туралы айтты.

Іс-шара барысында «Жанданған тас» жобасының тұсаукесері өтті. Жаңа жобаны Тува мемлекеттік университеті химия кафедрасының доценті Ольга Кендиван таныстырды.

«Тұсаукесер мен шеберлік сыныптары дәстүрлі Тува тас өңдеу өнерін сақтау мен дамытуға, сондай-ақ оны қазіргі мәдени өмірге біріктіруге жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара студент жастар арасындағы мәдениетаралық және этносаралық диалогты дамыту үшін  маңызды», – дейді көрме ұйымдастырушылары.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі