«ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ» - ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫ СӘТТІ ДАМЫТУДЫҢ ШАРТЫ

8 қараша, 2024

Өмір бойы білім алу – адамның бүкіл өмір бойы жалғасатын үздіксіз оқу және даму процесі. Қазіргі уақытта бұл – білім беру жүйесін жаңғырту мен кәсіби дамытудың маңызды элементі болып табылады. Осы процеске жоғары білім беру құрылымдарының барлық деңгейлері мен формаларының белсенді қатысуы өте маңызды.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) 4 «Сапалы білім» (4.3.3 Кәсіби оқыту шаралары) және ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттары үшін әріптестік» (17.2 Тұрақты даму мақсаттарын қолдауға арналған әріптестік) аясында осы аптада химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары Тоштай К. және Наренова С.М., кафедра меңгерушісі Аубакиров Е.А. басшылығымен, «Petro Қазақстан» мұнай компаниясы қызметкерлеріне «Мұнай мен мұнай өнімдерін талдау әдістері. Мұнайдың химиялық талдауы» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курс «Мұнайхимия» ғылыми зертханасының базасында өткізілді, онда тыңдаушылар мұнай мен мұнай өнімдерін талдаудың заманауи әдістерімен танысып, мұнайхимия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді интерактивті түрде меңгеру мүмкіндігіне ие болды.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. Наренова С.М.