Достық пен мейірімділік – адамгершіліктің негізі

10 қараша, 2024

2024 жылғы 10 қарашада 4-ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы журналистика факультетімен бірлесіп филология факультетінің түлегі, ұлтжанды азамат, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қыдырбек Қорғанбекұлы Әлқожаевқа арналған еске алу кешін және қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шара «Мейірім» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында өтті.

Кездесу аясында Қ.Қ. Әлқожаевтың достары, курстастары, әріптестері: журналистика факультеті деканының орынбасары, ф.ғ.к., доцент м.а. Б.С. Иманғалиев, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, ф.ғ.к. С.Д. Дәрібаев, ф.ғ.к. Л.А. Мекебаева, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ш.А. Шортанбай, белгілі ақын С. Қалиев сөз сөйлеп, марқұм болған азаматтың қайраткерлік, қаламгерлік, ғалымдық қырын жастарға өнеге етті. Олар Қыдырбек Қорғанбекұлының өмірі мен қызметі, достық пен адамгершілік қасиеттері, адам мен қоғам өміріндегі рухани құндылықтарының маңыздылығы туралы әңгімеледі. Кездесу барысында «6В02306 – Әдебиеттану» мамандығының 3 курс студенттері: П. Балғынбаева, Б. Асланбек, Р. Айтасқызы, Т. Азат, Ф. Рашид, А. Қасымхан, А. Тәжібек Орталық тәрбиеленушілеріне концерт ұйымдастырды. Студенттер белгілі қазақ композиторларының күйлерін, қазақ халық әндері мен билерін орындады. Іс-шараны ұйымдастырушылар балаларға мерекелік дастархан жайып, киім-кешек сыйлады.