- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Түркия қонақ үйлерінде табысты тәжірибеден өтті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Түркия қонақ үйлерінде табысты тәжірибеден өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының “6В11101 - Туризм” және “6В11103 – МІжҚБ” білім беру бағдарламаларының студенттері 2024 жылдың 13 мамыры мен 10 қарашасы аралығында Анталья Білім университетінде академиялық тәжірибесін сәтті аяқтап, елге оралды. Оқу процесі барысында олар туризм және қонақжайлылық саласындағы білімдерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар, түрік қонақ үйлерінде жұмыс істеудің құнды кәсіби дағдыларын игеріп, арнайы сертификаттарға ие болды.
Академиялық тағлымдама халықаралық деңгейде жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды. Бағдарлама студенттерге практикалық дағдыларды дамытуға және туризм индустриясының озық стандарттарымен танысуға мүмкіндік берді, бұл тұрақты даму қағидаттарын (ТДҚ), атап айтқанда, ТДҚ №4 «Сапалы білім» және ТДҚ №8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсаттарына жетуге ықпал етеді. Алған білімдері мен тәжірибелері студенттерге болашақта туризмнің тұрақты дамуына, оның сапасын арттыруға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.
Кафедра оқытушылары мұндай бағдарламалар студенттердің дүниетанымын кеңейтумен қатар, оларды отандық туризмде инновациялық тәсілдерді енгізуге ынталандыратынын атап өтті. Бұл болашақта Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, орнықты дамуға үлес қосады.