Мини-футболдан қайырымдылық жарысы

12 қараша, 2024

Спорт БҰҰ  Тұрақты даму мақсатын № 3 ("Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету") жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Спорттық іс-шараларға қатысу барлық жастағы адамдарға дене шынықтыруды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жаңа мақсаттарға жетуге, қиындықтарды жеңуге және өзіне деген сенімділікті арттыруға мотивация табуға мүмкіндік береді.
ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің "Көмек" Қоғамдық Қоры ұйымдастырған "Romjan Cup" турнирінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 1 курс студенті "Үздік ойыншы" номинациясымен Есжан Едіге марапатталды. Бұл  спорттық жетістік  студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың жарқын мысалы болып табылады.