2-курс докторанттарының ғылыми-зерттеу практикасына арналған кіріспе конференциясы

11 қараша, 2024

2024 жылдың 11 қарашасында «8D02303 – Лингвистика», «8D02208 – Түркология», «8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі», «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша 2-курс докторанттарының ғылыми-зерттеу практикасына арналған кіріспе конференциясы өтті. Конференция барысында ғылыми-зерттеу жұмысының мерзімі мен ұйымдастыру ережелері анықталды. Жиынға филол.ғ.д., профессор, Түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу институтының директоры Н.Ж. Шаймерденова, ғылым және инновация, халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD, аға оқытушы А.М. Досанова, Тыва мемлекеттік университетінің химия кафедрасының доценті Ольга Кендиван, сондай-ақ практика жетекшісі, филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мадиева қатысты.

Іс-шара аясында «Тірі тас» жобасының презентациясы өтті, онда Тывадан келген тас қашаушылардың көрмесі көрсетілді. Кіріспе конференция барысында докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны, кітапхана қорымен жұмыс ережелері және есепті құжаттарды дайындау тәртібі бойынша түсініктемелер берілді.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы А.М. Досанова