Өзбекстан мұрағаттарындағы қазақ ғалымдарының мұраларын зерттеу

2024 жылы 15-30 қазан аралығында AP22686474 «Қазақ даласы ойшылдарының әлем мұрағаттарындағы арабтілді дереккөздер антологиясы» жобасы аясында жоба жетекшісі А.Ш. Жамашев Өзбекстан қалаларына ғылыми іссапарға шығып, кітапхана, мұрағаттардағы Қазақ ғалымдарының мұраларына қатысты зерттеу жұмысын жүргізді.
Іссапар барысында Ташкенттегі Әлішер Навои атындағы Ұлттық кітапхана, Әбу Райхан Беруни атындағы шығыстану институты, Самарқан мемлекеттік университеті мен Шет тілдер Самарқанд мемлекеттік институты, Бұхара мемлекеттік сәулет пен өнер мұражайының кітапханалары қарастырылды. Қолжазба каталогтарынан қазақ ғалымдарының шариғат ғылымдары мен әртүрлі жаратылыстану ғылым салаларына қатысты жазған маңызды және сирек шығармалары табылды. Тарихи жәдігерлерді баз қалпында сақтаған Өзбекстанның көптеген тарихи, мәдени жерлеріне зиярат етумен қатар, Өзбекстан Халықаралық Ислам Академиясы, имам Бұхари Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы мамандарымен тәжірибе алмасу орын алды.
Басқа жаңалықтар

