- Басты бет
- Ғылым
- Халықаралық Конгресс «МӘДЕНИЕТ – ӨРКЕНИЕТ – ЖАҺАНИЯТ КОНТЕКСІНДЕГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ТІЛ, ЭТНОС, ҚОҒАМ»
Халықаралық Конгресс «МӘДЕНИЕТ – ӨРКЕНИЕТ – ЖАҺАНИЯТ КОНТЕКСІНДЕГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ТІЛ, ЭТНОС, ҚОҒАМ»
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ
Академик ӘБДУӘЛИ ТУҒАНБАЙҰЛЫ ҚАЙДАРДЫҢ туғанына
100 жыл толуына арналған халықаралық конгресс
«МӘДЕНИЕТ – ӨРКЕНИЕТ – ЖАҺАНИЯТ КОНТЕКСІНДЕГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ТІЛ, ЭТНОС, ҚОҒАМ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның «Türk Dil Kurumu» құрметті мүшесі, Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конгресс жұмысында ғалымның ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі тіл білімі мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланатын болады.
Халықаралық конгресс жұмысына қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:
- Академик Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасы.
- Синхронды және диахронды аспектілердегі тіл білімі және түркітану.
- Қазақ тілі этимологиясының зерттелуі және имитатив теориясы.
- Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы: тарихы, проблемалары мен жаңа ізденістер.
- Тілдік-тарихи және этнотанымдық ізденістер.
- Антропоөзектік парадигмадағы лингвистикалық зерттеулер: этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, корпустық лингвистика, психолингвистика.
- Терминологияның өзекті мәселелері: нәтижелер мен жаңаша көзқарастар.
- Білім беру жүйесіндегі тіл білімі: оқу мәтіндері мен оқулық мәселелері.
- Филологиялық білімдер мен ізденістер.
- Жаһандану кезеңіндегі түркі тілдері: лингво-филологиялық аспект.
Өтетін күні: 10-11 желтоқсан, 2024 жыл
Уақыты: 10:00 – 18:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27. Әл-Фараби кітапханасы, 416-зал (оффлайн/онлайн)