Саваш Шахин шақырылған профессор, PhD докторы

14 қараша, 2024

Түркиядан келген жоғары білікті маман профессор Саваш Шахиннің Түркология және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасына қосылып, өзінің ерекше білімдері мен тәжірибесін бөлісетінін қуана хабарлаймыз.

Профессор Анкарада дүниеге келген. 2006 жылы Гази университетін Заманауи түрік диалектілері және әдебиеті мамандығы бойынша үздік студенттердің бірі ретінде бітірген. Гази университетінің Әлеуметтік ғылымдар институтында магистратура және PhD дәрежелерін алып, заманауи түрік диалектілеріне маманданған. Оның кәсіби мансабы Сельчук университеті мен Амасия университетінде оқытушы және доцент қызметтерін атқарды. 2016 жылы Ақдениз университетінің Филология факультетінде Заманауи түрік диалектілері және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалып, кейіннен кәсіби мектепті басқарды және түрлі білім беру мен мәдени жобаларды жүзеге асырды.

2018 жылдан бастап профессор Саваш Шахин Түрік тіл білімі факультетінде Заманауи түрік диалектілері және әдебиеті кафедрасындағы жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, ол Үндістан, Ауғанстан және Қазақстан университеттерінде түрік тілін оқытты және Кабул Түрік мәдениет орталығының директоры және Ақдениз университетінде кафедра меңгерушісі сияқты әкімшілік қызметтер атқарды.

Оның іссапары аясында студенттерге түрік мәдениеті мен тілін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін «Түркияның тілі мен мәдениеті» клубы ашылады. Профессор докторанттарға, магистрантьарға дәне студенттерге Scopus-ке индекстелген журналдарда мақала жазу бойынша семинарлар өткізеді. Мұндай жоғары білікті маманды қабылдап, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен дәрістер өткізу Түркология және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда.