"Кедейлікті жою" тақырыбында сұхбат

14 қараша, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларымен кедейлікті жою мәселесі туралы сұхбат өткізілді. Тыңдаушылар әлемдегі кедейлік ахуалын талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кедейлікті жою-бізден тарихи, әлеуметтік және экономикалық аспектілерді ескеретін, кешенді тәсілді талап ететін жаһандық мақсат. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында тарих пәнінің оқытушылары әртүрлі қоғамдардың ғасырлар бойы кедейлікпен қалай күрескенін белсенді түрде зерттеп келеді.  Ежелгі өркениеттерден бастап кедейлікпен күресудің заманауи стратегияларына дейінгі тарихи тәжірибелер зерттеліп келеді. Тарих пәні аясында экономикалық теңсіздік, білім мен әлеуметтік ұтымды механизмдерге қол жетімділіктің болмауы сияқты кедейліктің себептерін талдауды қамтиды.

Тыңдаушыларға адамзат баласының тарихындағы соғыстар мен экономикалық дағдарыстар сияқты тарихи оқиғаларды талдап, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайды нашарлататынын көрсетуге тырысады. Сондай-ақ кедейлік деңгейін төмендетуге және миллиондаған адамдардың өмірін жақсартуға көмектескен әртүрлі елдердегі әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары сияқты сәтті тәжірибелерді қарастырады.

Тыңдаушылардың кедейлік мәселесін шешу тек экономикалық дамуда ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әділеттілік пен сапалы білімге қол жетімділікте екенін түсінуі маңызды. Кедейлікті жоюдың әртүрлі тәсілдерін талқылай отырып, олардың әділетті және тұрақты қоғам құруға қосқан жеке үлесінің маңыздылығы атап өтілді.