Ли Бёнг Джо (Lee Byong Jo) Шақырылған профессор, PhD доктор
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық беделін арттыру мақсатында 2014-2015 оқу жылынан бастап кафедраға PhD докторы, Ханкук шет тілдер университетінің (Hankuk University of Foreign Studies, Seoul) профессоры Ли Бенг Джо (Lee Byong Jo) шақырылған профессор ретінде шақырылды.
Ли Бенг Джо 1997 жылы Ханкук шет тілдер университетін (Орыс тілі бөлімі) бітірген. 2002 жылы жоғарыда аталған университеттің магистратурасын «Ресей тарихы» мамандығын «Ресейдегі және ТМД елдеріндегі корейлер тарихы» мамандануы бойынша бітірді. Ол 2008 жылы «Ресей тарихы» мамандығын «Ресейдегі және ТМД елдеріндегі корейлер тарихы» мамандануы бойынша философия докторы дәрежесін алды. 2004 жылдан бастап Ханкук шет тілдер университетінде тарих департаментінің профессоры болып жұмыс істеді, аталған университеттің тарих және мәдениет институтының штаттық зерттеушісі болып табылады. Ли Бенг Джоның корейтану Академиясының, Ұлттық зерттеу қорының, Корея Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігінің, сондай-ақ Жапония, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің жобалары бойынша 20 жылдан астам зерттеу және оқытушылық тәжірибесі бар. Оның ғылыми зерттеу саласы шетелдік корейлердің тарихымен байланысты, ол осы тақырып бойынша 30-дан астам еңбек жариялады.
2015 жылдың 02 ақпанынан бастап Ли Бенг Джо корейтану бөлімінің меңгерушісі болып қабылданды. Осы кезеңде профессор корейтану бөлімін басқаруды жүзеге асырды, Қазақстан аумағында, сонымен қатар Оңтүстік Кореяда да Корея Республикасының Білім, ғылым және бизнес ұйымдарымен байланыста болды. Студенттік шәкіртақыларды тарту профессордың үнемі назарында болды. Профессор Лидің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Коре университетімен бірлесіп "ТМД-дағы корей диаспорасын зерттеу бойынша шетелдік ғалымдармен және жоғары оқу орындарымен деректер базасын құру және байланыс орнату" тақырыбында (Корея Республикасының Корейтану академиясы, 06.2011-06.2016) және Донгук университетімен бірлесіп "Қазіргі кезеңдегі корёин тұлғалары туралы зерттеу" тақырыбында ғылыми зерттеу жобаларын жүзеге асырды (Корея Республикасы Корейтану академиясы, 06.2016-06.2019).
Сондай-ақ "Қазақстанда Корея әдебиеті бойынша оқулықтар жасау (ТМД-дағы корей диаспорасының әдебиетін қоса алғанда) және әдебиет саласындағы мамандарды даярлау" (Корея Республикасының корейтану академиясы, 06.2017-06.2020), "Шетелдік корейтану бойынша ғылыми жоба: Көкжиекті кеңейту және шетелдік корейтануды зерттеу мүмкіндіктерін нығайту" (Корея Республикасының Корейтану академиясы, 01.2018-10.2018) тақырыбында әртүрлі ғылыми зерттеу жобалары және "КСРО мен Солтүстік Корея арасындағы музыкалық өнер тәжірибесімен алмасудың Орталық Азиядағы Корей қоғамындағы орындаушылық өнер мәдениетін дамытуға әсерін зерттеу" (Корея Республикасының Корейтану академиясы, 02.2021-01.2022) және басқа да көптеген жобалар 2025 жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылды, сонымен қатар, профессор Ли 2024 жылдан бастап шығыстану факультетінің базасында жүзеге асырылатын тұрақты "Корей тілін оқытудың Бизнес курсын" ашуға септігін тигізді.
Профессор Ли Бенг Джо Thomson Reuters дерекқорының журналдарында мақалалар жариялады, одан бөлек, кафедрада болған оқиғалар Оңтүстік Кореяның БАҚ-та үнемі жарияланып отырады. Кафедрадағы ағымдағы қызмет кезеңінде профессор Ли Бенг Джо шетелдік профессорларды тарта отырып, арнайы дәрістер, сондай-ақ корейтануды дамыту және шетелдік академиялық кеңістікте ҚазҰУ мәртебесін арттыру мақсатында кең ауқымды аудиториядан тыс іс-шаралар өткізеді. Профессор Ли Бенг Джо 2022 жылы Корея Республикасы Парламентінің Спикері – Білім Министрлігінің құрмет грамотасын алды.