- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында факультетте ирандық ғалыммен кездесу өтті
«Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында факультетте ирандық ғалыммен кездесу өтті
14 қарашада Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінде ирандық ғалым, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі саяси және халықаралық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Сейед Әли Муджанимен кездесу өтті. Кездесуге ирантану бөлімінің мұғалімдері мен студенттері қатысты. Ирандық ғалым парсы тілін оқып жүрген студенттермен танысып, оларға оқуда табыс тіледі. Ғалым, сонымен бірге, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге қысқа әңгімелерді парсы тілінен қазақ тіліне аударып машықтана беруге кеңес берді. Сейд Әли Муджани мырза 13 қарашада өткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына және Шығыстану факультетінің құрылғанына 35 жыл толуына арналған «Дербісәлі оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасаған болатын. Осы күні Муджани мырза сондай-ақ шығыстану факультетінің деканы Н. Б. Еммен, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы И. Жеменеймен, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы З. Шадкаммен де кездесулер өткізді.