Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы Валенсия политехникалық университетінде (UPV) ғылыми тағылымдаман өттіFarabi University

Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы Валенсия политехникалық университетінде (UPV) ғылыми тағылымдаман өтті

1 қараша, 2024

Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Жанабаева 21-25 қазан аралығында Валенсия политехникалық университетінде (UPV) тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама BR21882122 " Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер шеңберінде ұйымдастырылды. ТДМ-6, ТДМ -13 және ТДМ -14.

Тағылымдама су инженериясы саласындағы міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ су ресурстарын зерттеу мен басқарудың озық әдістері бойынша практикалық білім алу үшін қашықтықтан зондтау саласындағы UPV-дың табысты тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік берді. Тағылымдаманың негізгі мақсаты UPV ғалымдарының су ресурстары мен су экожүйелерін талдау және бағалауда қолданатын жаңа әдістер, технологиялар және нұсқаулармен танысу.