«Алматы қаласы мен қала маңындағы аудандардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру мақсатында серіктестік» тақырыбында Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен воркшоп өтті

15 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен «Алматы қаласы мен қала маңындағы аудандардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру мақсатында серіктестік» тақырыбында воркшоп өтті.

Делегация құрамында Алматы қаласы Әкімдігінің, Алматы қаласы ТЖД, экология басқармасы, Алматы қаласын дамыту орталығының, «Қазселденқорғау» ММ өкілдері келді.

Воркшоп аясында қонақтар география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаевамен кездесті. Декан «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығында, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай зертханасында жүргізіліп жатқан факультеттің ғылыми-инновациялық қызметін және Алматы қаласы мен қала маңындағы аудандардың сейсмикалық қауіпсіздігін зерттеуге бағытталған ағымдағы зерттеу жобаларын ұсынды.

География және табиғатты пайдалану факультетінің доценті Джангулова Гүлнара Қабатайқызы «Геодезиялық аспектідегі сейсмикалық тербелістерге ғимараттар мен құрылыстардың тұрақтылығын зерттеу» тақырыбы бойынша, физика-техникалық факультет доцентінің м.а. Агишев Алдияр Талғатұлы «Сейсмикалық белсенділік бойынша деректерді ақпараттық-энтропиялық және нейрожелілік талдау» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Университет пен жергілікті атқару мекемелері арасындағы сейсмикалық қауіпсіздікті зерттеу саласындағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелері, Алматы және қала маңындағы аудандар, «сейсмология және геодинамика» зерттеу бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруы талқыланды.

Бұл кездесуді ТДМ жүзеге асырады, соның ішінде ТДМ 4 - сапалы білім; ТДМ 8 - лайықты жұмыс және экономикалық өсу; ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер; ТДМ 17 - тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік.