«Қ. Жұбановтың тілтанымдық мұрасы және лингвоинновациялық технологиялар»
2024 жылғы 15 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «8D02303 Лингвистика» мамандығының 2-курс докторанттары ғылыми-зерттеу практикасы аясында профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Қ. Жұбановтың тілтанымдық мұрасы және лингвоинновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Достық үйінде өтті.
Аталған іс-шараға еліміздің және шетелдердің танымал ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ғылыми қауымдастық өкілдері, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Құдайберген Жұбанов — қысқа ғұмырында артына мол мұра қалдырған қазақ тіл білімінің ғылыми негізін қалаушылардың бірі, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, қоғам қайраткері және қазақ тілінің дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті ғалым.
Конференцияға Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары қатысты.