ЦУР 9 “Индустриализация инновация және инфрақұрылым”
2024 жылдың 9 қарашасында
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы , конститутциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандитаты Турсынкулова Д.А. 403 топ студенттерімен іс шара . ТМД 9 бойынша “Индустриализация, инновация және инфрақұрылым” Алматы қаласындағы Метрополитендегі сапарға шолу.
Шара барысында Алматы қалалық метрополитенның тарихымен жұмысшыларымен және жалпы жұмысымен таныстық.
Қаланың инфрақұрылымын дамытудың бірден бір себепшісі ол транспорттың жеделдету және қалалық көлік жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Алматы қаласының метрополитені — бұл қала өмірінің маңызды бөлігі, ол тұрғындарға жылдам әрі ыңғайлы көлік қызметін ұсынады. Алматы метрополитенінің тарихы 2011 жылы басталып, сол кезден бері қала инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде үлкен жетістіктерге жетті.
Қалалық инфрақұрылымның болашағы үшін инновациялар мен технологиялық жетістіктердің интеграциясы өте маңызды. Алматы метрополитенінің дамуымен қала тұрғындары жоғары сапалы көлік қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие болуда, сонымен қатар мегаполистің дамуына өз үлесін қосуда. Бұл жоба қаланың көлік жүйесінің тиімділігін арттырып, адамдардың уақытын үнемдейді және жалпы қаланың өмір сапасын жақсартады.