6.11.2024 ж. сағат 18.00, 431 ауд. Экономика және бизнес жоғары мектебі, Экономика кафедрасында «макроэкономикалық модельдеу» пәнінен магистранттар үшін ТДМ 4; 8 көрсеткіштері аясында Эрджиес Университетінің (Түркия) Экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті деканының орынбасары профессор PhD Жунейт Думрул (Cüneyt Dumrul) мырзамен «Экономикалық өсу» тақырыбы бойынша халықаралық қонақжайлық онлайн-дәріс сабағы өтті.
Іс-шара мақсаты - екі ел университеті оқытушыларының ғылым, білім беру үдерісіндегі халықаралық тәжірибе алмасу аясында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аталған пән бойынша «дәріс» дамыған және дамушы елдер тәжірибесіндегі экономикалық өсудің модельдерін қызметтік, өндірістік, қаржылық институционалдық жүйеде талдау болып табылды. Әсіресе, профессор PhD Жунейт Думрулдің (Cüneyt Dumrul) қаржы нарықтары, қаржылық даму, қаржылық еркіндік, экономикалық тиімділік, жұмыспен қамту және жиынтық сұраныстың Кейнстік үлгісіне байланысты ғылыми зерттеулері мен айтқандары магистранттарға ерекше әсер қалдырды.
Дәріс соңында сөз алған пән- аға оқытушысы э.ғ.к. Д.Р.Тураров бүгінгі іс-шара «Дәрістің» зерттеу пәнін, өзекті мәселелерін магистранттар барынша назарға алатынын жеткізіп, дәріскер қонағымыз профессор PhD Жунейт Думрулге (Cüneyt Dumrul) қатысушылар атынан алғысын айтты.
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасының меңгерушісі м.а., PhD Қондыбаева С.Қ., аға оқытушылар э.ғ.к. Д.Р.Тураров , PhD Иляшова Г.К., Кулиев И.У., экономика мамандығының 1-курс магистранты Сабит К.