- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Көркем шығарма оқу: қағаздағы түпнұсқа немесе электронды нұсқа. Менің таңдауым қандай?»тақырыбында факультетаралық дөңгелек үстел өткізілді.
«Көркем шығарма оқу: қағаздағы түпнұсқа немесе электронды нұсқа. Менің таңдауым қандай?»тақырыбында факультетаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР 4.) «Сапалы білім беру» бағытына сайФилософия және саясаттану факультетінің №9 студенттер үйінде 2024 жылдың 15 қарашасында «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының оқытушылары Б.А.Аринова, М.Д.Мурзагуловалардың ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасы аясында «Көркем шығарма оқу: қағаздағы түпнұсқа немесе электронды нұсқа. Менің таңдауым қандай?»тақырыбында факультетаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және психология» мамандығында оқитын 4 курс студенттері және Филология факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, оларды қазақ және әлем әдебиетінің классикалық көркем туындыларын оқуға ынталандыру болғандықтан студенттер өздері сүйіп оқитын көркем туындылары бойынша пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Кітап оқу мәдениеті- адамның рухани байлығын арттырып, сыни ойлар мен жаңа идеялардың туындап, өмірлік көзқарастарын қалыптастырудың бір жолы болып табылады. Қазіргі цифрландыру заманында студент жастар көбінесе электронды кітаптарды оқығанды ұнатады. Түпнұсқадан оқудың және электронды кітап оқудың айырмашылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірлерін ортаға салған студенттердің кітап оқуға деген қызығушылықтарының жоғары екендігі байқалды. Көрсетілген бейне материалдарды талдау барысында студенттер өмірдің әртүрлі аспектілеріне қатысты ой бөлісіп, тақырыптық талқылау өзара достық қарым-қатынасқа ұласты.
Педагогика ғылымдарының кандидаты Б.А.Әрінова студенттерге қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі ретінде оқу сауаттылығы және мәтінмен жұмыс жасаудың студенттердің сапалы білім алуының нәтижесі екендігіне тоқталды. Аға оқытушы М.Мурзагулова екі факультеттің де студенттеріне алғыс айтып, кеш соңында кітап оқу бойынша түрлі кеңестер берілді.