"Senim" Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы " республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы және Жетісу облыстық филиалдары төрағаларының қатысуымен Балқаш аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу

17 қараша, 2024

Осы жылдың 11 қараша күні, «Senim» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының төрағалары Т.Қуанов пен Қ.Айкуловтың қатысуымен Балқаш аудандық ауруханасы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Жиналыста облыстық салалық келісім шарт аясында ұжым алдындағы бүгінгі таңда бірінші кезекте шешуді талап ететін өзекті мәселелер және оларды шешудегі кәсіподақтың ролі мен мақсаттары талқыланып, нақты жоспарлар белгіленді. «Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру» және «Әлеуметтік-еңбек қатынастары, кәсіподақтардың мәртебесі» туралы тақырыптарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті, PhD докторы Д.Рыскалиев толыққанды талдаулар мен түсініктемелер жасады.

Осы мәселелер ұжым мүшелері мен әкімшілігі арасында қызу талқыланып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алда тұрған күрделі проблемаларды шешу жолдары көрсетілді. 
Сонымен қатар, қызметкерлердің сұрауы бойынша, оларды толғандырып жүрген медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын және біліктілігін арттыру ережелері мен елден тыс жерде білім алған адамдарды сертификаттауға жіберу шарттары, оқу орталықтары мен мерзімдері түсіндірілді.