Қаржылық жоспарлау: мақсаттарға қол жеткізуге арналған стратегия

14 қараша, 2024

14 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті мен Алматы қаласы әкімдігінің «Аяулы жан» әлеуметтік жобасы аясында  «Қаржылық жоспарлау: мақсаттарға қол жеткізуге арналған стратегия» атта тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушылардың жеке қаржыларын басқаруы, бюджетті жоспарлау, инвестициялау және қаржылық тәуекелдерден қорғау негіздерін оқыту арқылы қатысушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру болды. Қатысушылар шеберлік сабағы барысында заманауи қаржы құралдары, қаржылық шешімдер қабылдауға және жиі кездесетін қателіктерден аулақ болуға үйреніп, бұл қаржыны сенімді пайдалануға және қаржылық мақсаттарға жетуге көмектесетін құралдарды меңгеруге дағдыландыруға бағытталды.

Бұл шара тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының Сапалы білім бағытына сәйкес ұйымдастырылып, Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Д.С.Байгунаков, Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлары Б.Б.Кәрібаев, т.ғ.к., доцент Е.Н.Ноянов және Ф.А. Қозыбақова, Ж.Б.Құндақбаева, қауымд. профессор Н.А.Тасилова, PhD Ж.М.Бекбауова және технологияларды коммерцияландыру және креативты индустрия орталығының директорының орынбасары Т.Азатұлы  мен жоба менеджері  Э.А. Умбетжанова ұйымдастыруға атсалысты.

Шеберлік сабағын өткізген «As and Er» ЖШС құрылтайшысы және директоры, «Ақ тілек» қоғамдық қорының директоры, бизнес-жаттықтырушы,  қаржы сарапшысы А.С. Султанова тарих, механика-математика, физика – техника факультетінің студенттерінің маңызды сұрақтарына жауап берді. «Аяулы жан» жобасының жетекшісі Сапарова Г.М., Маликова А. студенттер арасында сауалнама жүргізіп, арнайы ақпараттық кітапшаларды таратты. Сонымен қатар, студенттер қаржылық сауаттылық шеберлік сабағын меңгергені үшін сертификаттар алды.