Шекарасыз өмір сүр: дағдылар мен сенімді қалыптастыру
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті мен Алматы қаласы әкімдігінің «Аяулы жан» әлеуметтік жобасы аясында 14 қараша күні «Шекарасыз өмір сүр: дағдылар мен сенімді қалыптастыру» атта тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатын Алматы қаласы жанындағы № 16 учаскенің Мәслихатының депутаты Қарашаш Джузеева өткізіп, студенттер мен жас ғалымдармен өмірлік тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені негіздеп, мотивациялық кеңестерімен бөлісті, қатысушыларға өз қабілеттерін дамыту және сенімділікке қол жеткізу үшін практикалық құралдар мен әдістерді ұсынды.
Бұл шараның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушылардың жеке басының пайдалы дағдылары мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыратын құралдармен таныстырып, өзіне деген сенімділігін арттыру және өмір сапасын жақсартуға бағытталады. Қатысушылар шеберлік сабағы барысында заманауи психологиялық және өзін өзі тануға бағытталған құралдар мен шешімдер, жиі кездесетін қателіктерден шыға білуге үйреніп, бұл тұлғаның қалыптасуына, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесетін құралдарды меңгеруге дағдыландыруға бағытталды.
Бұл шара тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының Сапалы білім бағытына сәйкес ұйымдастырылып, Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Д.С.Байгунаков, Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлары Б.Б.Кәрібаев, Ф.А. Қозыбақова, Р.С. Жарқынбаева, қауымд. профессор Н.А.Тасилова, М.Д. Байдаулетова, PhD Ж.М.Бекбауова және технологияларды коммерцияландыру және креативты индустрия орталығының директорының орынбасары Т.Азатұлы мен жоба менеджері Э.А. Умбетжанова ұйымдастыруға атсалысты.
Шеберлік сабағына тарих, механика-математика, физика – техника факультетінің студенттері белсенді түрде қатысып, сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, студенттер шеберлік сабағын меңгергені үшін сертификаттар алып, сапалы білімді меңгерді.