ТДМ. 3 «Жақсы денсаулық және әл-қуат» аясында «7М02309 - Әдебиеттану» мамандығының 1-курс магистранты Диярова Назерке 2024 жылғы 13 қарашада «6В02306-Әдебиеттану» мамандығының 2-курс студенттерімен «Ас - адамның арқауы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында студенттер «Денсаулықты нығайтудың жолдары» және «Дұрыс тамақтану» топтарына бөлініп, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, күнделікті тұрмыста тамақ рационына қандай тағамның үнемі болуы, қандай майларды қолдану, олардың пайдасы мен зияны, жеміс-жидектерді тәуліктің қай мезгілінде жеген пайдалы деген сұрақтар талқыланды. Адам өміріндегі астың маңызды рөлі түсіндіріліп, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін пайдасы тақырыбында тапсырмалар орындалды. Студенттер «Жаны саудың –тәні сау» тақырыбына байланысты әртүрлі суреттер арқылы дәлелді өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Топтық тапсырмалар қорғады. Спортпен айналысуды әдетке айналдыру, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану мықты денсаулық кепілі екенін, болашақта рухы мықты, талабы биік жастар санатынан табылу, денсаулық күтіміне зор жауапкершілікпен қарау әр адамның өзіне байланысты екендігі түсіндірілді.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
кафедрасының аға оқытушысы
Саргелтаева Ардақ Құрманалықызы