ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

16 қараша, 2024

16.11.2024 ж. «Электроника және астрофизика» кафедрасы, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Пікірталас мақсаты: студенттерді қаржылық сауатты болуға үйрету. Пікірталас барысында қаржылық терминдер толықтай түсіндіріліп, қазіргі кездегі экономикадағы рөлдері талқыланды, қаржылық сауаттылық жайында жазылған қазақстандық және шетелдік авторлардың ең үздік кітап туындылары баяндалды және көрсетілді. Қаржылық сауаттылықты арттыруға көмегін тигізетін заманауи информациялық технологиялар негізінде жұмыс жасайтын қолданбалы бағдарламалар көрсетіліп, оларды қалай қолдану қажеттілігі талқыланды. Үшінші кезеңде қаржылық сауаттылыққа қатысты сұрақ-жауап ойыны өткізілді.