Қазақстандағы сапалы білім беру мәселесіFarabi University

Қазақстандағы сапалы білім беру мәселесі

19 қараша, 2024

16.11.2024ж. Соңғы жылдары білім сапасын арттыру мақсатында бірқатар реформалар мен бастамалар жүзеге асырылды және біз бұл тұрғыда  дисскуссиялық отырыс  өткізе отырып, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н.Тілепбергенов және Елтұтқа клубының мүшелерімен “Қазақстандағы сапалы білім беру мәселесі” атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, аталған мәселеге қатысты зерделеу жүргізіп көрдік. Негізгі мақсат- еліміздегі білім беру жүйесін және білім саласындағы негізгі қордаланған түйткілді  тұстарды қарастыру. Сонымен қоса алғанда білім беру саласындағы заман талабына сай цифрландыру, әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстар жасалды.