“Лайықты жұмыс және экономикалық өсу”

19 қараша, 2024

16.11.2024 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде, «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» атты ТДМ-ның 8 мақсаты аясында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н.Тілепбергенов пен «Елтұтқа» клубының мүшелері ашық талқылау өткізді. Талқылауымыздың мақсаты- еліміздегі ауқымды экономикалық өсу мен жұмыспен қамту мәселелерін талдау.  Мақсатымызға қол жеткізу барысында Қазақстандағы жұмыссыздыққа қатысты статистика, жаңа жобаларды сөз етіп, өзекті бастамалар  ұсынылды.  Нәтижесінде лайықты жұмыс, жұмыспен қамтуға  қатысты дамуға өз көзқарастарымызды білдіріп, пікір алмастық.