«Климаттың өзгеруіне қарсы күрес»

19 қараша, 2024

Климаттың өзгеруі - құрғақшылыққа, дауылға, су тасқынына, су тапшылығына, жаппай өрттерге, теңіз деңгейінің көтерілуіне, мұздықтардың еруіне және биологиялық әртүрліліктің жоғалуына әкелетін температура мен ауа райының ұзақ мерзімді өзгеруі. Бұл өзгерістер табиғи жағдайлармен де  адам әрекетімен де байланысты әрбір адам климаттың өзгеруіне байланысты экологиялық проблемаларды шешуге өз үлесін қоса алатыны туралы О.Тілепбергеновтын бастамасымен «Елтұтқа» клубының мүшелері  Орталық саябақпен танысып, серуендеушілермен пікір алмастық.