Қонаев - қазақтың мақтанышы

19 қараша, 2024

18.11.2024ж.  Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н.Тілепбергенов пен «Елтұтқа» клубының мүшелері Алматы қаласында орналасқан мәдени нысанға барды. Қонаев мұражайы – Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған мұражай. Бұл мұражай Қонаевтың саяси карьерасы, оның Қазақстанның экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы мағлұматтарды ұсынады.

Қонаев мұражайына баруымыздың мақсаты: Д.А.Қонаевтың жеке өмірі мен мемлекеттік қызметіндегі кезеңдерді көрсету арқылы  ұлттық тарихты сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге өз үлесімізді қосу болатын.

Мұражайда Қонаевтың жеке заттары, фотосуреттері, құжаттары мен басқа да құнды жәдігерлер жинақталғанын көрдік. Сонымен қатар, оның Кеңес Одағындағы, сондай- ақ  Қазақстандағы қызметі туралы толық ақпарат алдық.