Болашақ шығыстанушылар білімнің маңыздылығы туралы: Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім» аясындағы іс-шара

19 қараша, 2024

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) бойынша белгіленген тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім беру. Осы мақсаттың Қазақстандағы жүзеге асу барысына қатысты ҚазҰУ «Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан 2 және 3 курс студенттері Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті А.К.Ахметбекова мен аға оқытушысы А.Б. Жиекбаеваның ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 қараша күні «Білімдіге – дүние жарық!» атты іс-шара өткізді.

Бұл іс-шарада А. Кемелхан, А. Айтбай дайындаған «Сапалы білім беру» презентациясы бойынша қызу пікірталас жүрді. Болашақ шығыстанушылар сапалы білім алуға ықпал ететін факторларды талдап талқылады. Л. Қабыкен, С. Джумадилаева, І. Жұмабекқызы дайындаған презентацияда шығыс елдеріндегі білім алуға қатысты мәселелер қарастырылып, Қазақстандағы білім берудегі жетістіктер аталып, білімнің жасанды интеллект заманындағы мән-маңызына ерекше тоқталып өтті. Студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салуда белсенділік танытты.

 «Білімдіге – дүние жарық!» атты іс-шараға қатысқан Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедра меңгерушісінің орынбасары Ф.Т.Жұмажанова студенттердің белсенділіктерін атап өтті. Ол қорытынды сөзінде сапалы білім беру  мақсатын көздеген елдердің болашағы зор екенін көрсетті.