- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында оқытушылар мен студенттер ирантанушылар отырысына қатысты
ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында оқытушылар мен студенттер ирантанушылар отырысына қатысты
15 қарашада ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері Алматыдағы Иран Бас консулдығының Мәдени орталығында өткен ирантанушылар отырысына қатысты. Аталған отырыста ирантанушылар қауымдастығын құру мәселесі талқыланды. Алматыдағы Иранның Бас консулы Мохсен Фағани мырза сөз сөйлеп, жаңадан құрылған ирантанушылар қоғамдастығына жан‑жақты қолдау білдіруге уәде етті. Қауымдастық үш бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр. Біріншісі – парсы тілін үйрету және парсы тіліне деген қызығушылықты арттыру. Екіншісі – ғылыми‑зерттеу жұмыстарымен айналысу. Үшіншісі – аударма жасау және аудармашыларды дайындау. Сондай‑ақ, қоғамдастық жұмысы аясында Иранның жоғары оқу орындармен тығыз байланыс орнатып, ортақ ғылыми жобалар, конференциялар мен конкурстар ұйымдастырып, Қазақстан мен Иранды таныстыру дәрістерін қатар алып жүру көзделіп отыр.