«Psycho Express» AlmaU университетінде
12 қараша күні AlmaU университетінде «Psycho Express» атты іс-шара өтті. Бұл шарада Алматы қаласы университет психологтары жиналып, университет студенттеріне тегін психологиялық қызмет көрсетті. Мақсаты, студенттерге психологиялық қызмет көрсету және психологтың көмегіне жүгіне білу мәдениетін қалыптастыру.
Атаулы шара 4 сағатқа созылды. Бұл уақытта 50-ге жуық студент қамтылды. Студенттердің басты мәселесі: депрессивті көңіл-күй, өзін құнсыздандыру, өзіне деген сенімнің жоқтығы, социуммен қарым-қатынас екені белгілі болды.
Әр маманның кәсіби біліктілігінің арқасында студенттердің мәселелері оңтайлы шешілді.
БҰҰ-ның ТДМ шарттарында «Сапалы білім» мәселесі қарастырылған. Psycho Express жобасы студенттің психологиялық саулығын қамтамасыз етеді және білім алуына септігін тигізеді деп сенеміз.