Психологтарға арналған «Өмір - бізге ең қымбат нәрсе» атты курс өтті

13 қараша, 2024

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен психологтар мен педагогтарға арналған «Өмір - бізге ең қымбат нәрсе» атты оқыту курсы өтті. Басты тақырыптар «Суидцидтің алдын алу профилактикасы», «Зиянды әдеттерді алдын алу профилактикасы» және «ЖЖБИ Ауруларының профилактикасы» болды. Мақсаты жастар арасындағы суицидті алдын-алу, салауатты өмір салтынуға үйрету. Спикер «Орталық Азия психоаналитикалық орталығының» директоры, психоаналитик Анна Кудиярова болды. Заман талабына сай ақпараттар берілді. Жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге психологтар және кураторлар тарпынан қандай көмек көрсету керектігін және психологиялық ағарту мәселелері қозғалды. Барлық қатысушыларға оқу сертифакаты табысталды.