- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық бухгалтерлер күніне орай «Мамандығым-мақтанышым» атты дөңгелек үстел
Халықаралық бухгалтерлер күніне орай «Мамандығым-мақтанышым» атты дөңгелек үстел

2024 жылы 11 қараша күні сағат 14:00-де Халықаралық бухгалтерлер күніне орай «Мамандығым-мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «6В04105-Есеп және аудит» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер шақырылды, атап айтсақ: «Amwey» компаниясының бас бухгалтері Нурпеисова Самал Куанышевна, «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС-тің салық есебі бөлімінің басшысы Нүкенова Айгүл Мұратқалиқызы, «Пром Экспорт Развития» ЖШС-тің бас бухгалтері Амангалиева Алина Сериковна тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Бухгалтер мамандығы бүгінгі таңда қаржы және экономика саласындағы ең танымал мамандықтардың бірі болып табылады. Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы бакалавриат білімі бухгалтерлік есеп пен есептілікте ақпаратты қалыптастырудың нақты ережелері мен тұжырымдамаларын түсінетін, қаржылық есеп беруде заманауи бухгалтерлік дағдыларды қолдана алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Ұйымдастырушылар: «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.д., доцент Баймуханова С.Б., аға оқытушы Сихимбаева Б.Н. және 3 курс 6В04105-Есеп және аудит білім беру бағдарламасының студенттері.
Басқа жаңалықтар

