ҚазҰУ студенттері – JurAsia InterTax 2024 байқауының жеңімпазы

19 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің командасы JurAsia InterTax 2024 халықаралық салық салу тақырыбына арналған беделді байқауда жеңіске жетті.

Конкурсты TKS Disputes компаниясымен және BEPS академиясымен бірлесіп Қазақстанның салық сарапшылары комитеті (ҰЭК) ұйымдастырды. Команда құрамына дарынды студенттер: Әмина Нұрғалымова, Толқынай Тоқтар, Ислам Кнасилов және Аятулла Немати кірді. Команданы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық құқық кафедрасының доценті Ләззат Нысанбекова басқарды.

Ақтық сын ҚазҰУ командасы мен Үндістан халықаралық құқықтық білім және зерттеу университетінің командасы арасында өтті. ҚазҰУ студенттері лайықты жеңіске қол жеткізіп, білімдері мен талдау қабілетінің жоғары деңгейін көрсетті.

 Жарыстың төрешілері: Филипп Бейкер – Field Court Tax Chambers адвокаты, Оксфорд университетінің профессоры, Кис ван Раад – Лейдендегі Халықаралық салық орталығының төрағасы, Loyens & Loeff кеңесшісі, Равиль Кассильгов – TKS Disputes серіктесі және байқаудың ұйымдастырушысы.

Топ жетекшісі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық құқық кафедрасының доценті Ләззат Нысанбекова болды, оның кәсіби шеберлігі мен тәлімгерлігі осы жетістікке жетуде маңызды рөл атқарды.

Бұл жетістік ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті студенттерінің дайындығы мен халықаралық құқық және салық саласындағы қабілеттерінің жоғары деңгейінің айқын дәлелі болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі