Жастар үшін ұлттық құндылықтардың маңызы
2024 жылғы 18 қарашада Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестікке арналған ТДМ 17 шеңберінде филология факультетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Д.М.Махметова , З.С.Несіпбаева, Е.И.Луговская Химия және химиялық технология факультетінің 1-курс студенттерімен «Жастар үшін ұлттық құндылықтардың маңызы» тақырыбында гибридтік форматта іс-шара өткізді. Студенттер «Қазақ халқының ежелгі дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» тақырыбында ағылшын тілінде топтық жобалар дайындады. Әр топ қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен үш дәстүр немесе үш әдет-ғұрыпты таңдап, оларды ағылшын тілінде сипаттап берді. Айта кету керек, студенттер өз баяндамаларын дайындау барысында бұл дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жайлы білімдерін әжелері мен аталарынан алған ақпараттарға сүйеніп ұсынды. Барлық баяндамалар Speak only English деп аталатын Telegram-арнасына жүктелген жарқын әрі көрнекі презентациялар түрінде безендірілді. Арнаны аталған оқытушылар құрған. Іс-шара барысында жас ұрпақ үшін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтаудың маңыздылығы жөнінде шағын пікірталас өтті.Іс-шараға Түркияда білім алып жатқан Қазақстан азаматы Жексенбаева Әлия де қатысты. Жалпы, іс-шара жоғары деңгейде өтті.