- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 16 бағыты бойынша Индустрияландыру, Инновациялар, Инфрақұрылым мақсатында жүргізілген "Картографиялық кәсіпорынның негізгі түрлері, өндірістегі негізгі құралдардың амортизациясының сипаттамасы" атты ашық сабақ өткізілді.
ТДМ 16 бағыты бойынша Индустрияландыру, Инновациялар, Инфрақұрылым мақсатында жүргізілген "Картографиялық кәсіпорынның негізгі түрлері, өндірістегі негізгі құралдардың амортизациясының сипаттамасы" атты ашық сабақ өткізілді.
15 қараша 2024 жылы,сағат 12:00 де, “География және табиғатты пайдалану” факультетінің, “Геодезия және картография” мамандығының 4 курс студенттерімен тұрақты даму мақсаттарының 9 бағытына (Индустрияландыру, Инновациялар, Инфрақұрылым) сәйкес ашық сабақ өткізілді. Өткен ашық сабақта картографиялық кәсіпорынның негізгі түрлері мен өндірістегі негізгі құралдардың амортизациясы туралы баяндалды. Сабақ барысында картографияның маңызын, оның қазіргі заманғы кәсіпорындардағы рөлін талқылады. Әрбір саланың ерекшеліктерін, олардың қолданылатын технологияларын және картографиядағы заманауи тенденцияларды қарастырылды.
Сонымен қатар, өндірістегі негізгі құралдардың амортизациясы мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Амортизацияның өндірістегі маңызы, оның кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсері, сондай-ақ, амортизацияның есептелу әдістері туралы толық ақпарат берілді. Бұл тақырыптың маңызды екенін атап өтіп, оны тереңірек түсіну үшін практикалық мысалдар келтірілді.
Сабақтың соңында студенттерге осы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, талқылау ұйымдастырылды. Барлық студенттер тақырыпты жақсы түсінгенін көрсетті, әрі әрбіреуінің пікірі мен ұсыныстары сабақтың сапасын арттырды. Сабақ барысында қолданысқа енгізілген түрлі әдіс-тәсілдер мен интерактивті тапсырмалар студенттердің қызығушылығын арттырып, тиімді оқыту нәтижесін көрсетті.
Басқа жаңалықтар

