FoodExpo Qazaqstan 2024 көрмесіне бару
Химия және химиялық технология факультетінің 6В05301- «Химия» мамандығының 4 курс студенттері «Тамақ өнімдерін химиялық сараптау» пәнін оқу аясында «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында өткізілген FoodExpo Qazaqstan 2024 тамақ өнімдерінің көрмесін тамашалады. Болашақ химиктерді пән оқытушысы жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Р.Г.Рыскалиева көрмеге апарды.
Көрме барысында студенттер тамақ өнімдерінің озық технологияларымен, оның ішінде шикізат пен ингредиенттерден автоматтандырылған өндіріс желілері мен инновациялық қаптама жасау жабдықтарына дейін танысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар көрмеге қатысушылар арасында CIS Market (Қазақстан), Cere (Швейцария), Gostol (Словения), Fava S.P.A. (Италия), Denozli Ozstar (Түркия), Diosna Dierks & Söhne Gmbh (Германия), Storm Technologies (Қазақстан), Біріңғай Сауда Жүйесі (Ресей/Қазақстан), Фаворит Техно (Қазақстан) сынды сала көшбасшылары болды. Көрме алаңында әлемнің 30 елінен тағамдар мен сусындар, тағамдық қоспалар мен дәмдеуіштер, сондай-ақ жабдықтар мен технологиялар қойылған.
Көрме барысында «Тамақ өнімдері мен сусындарды өндіру және сату саласындағы тұрақты өсу және тиімді стратегиялар» тақырыбында FoodForum Qazaqstan 2024 форумы өтті.
Көрмеге бару студенттерге тамақ өрімдері саласындағы қазақстандық брендтердің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттіліін арттырудың маңыздылығын түсінуге септігін тигізді. Педагог Рыскалиева Р.Г. осындай іс шаралар ТДМ 2 (Ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауылшаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу) және ЦУР4 (Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету) сияқты БҰҰ-ның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетініне ерекше назар аударды. Студенттер тамақ өнімдерінің қалай шығарылатынын көріп, заманауи технологиялық процестердің жетістіктеріне таң қалды. Бірақ көрмеге барудың ең маңызды нәтижесі-қатысушы компаниялардың өкілдері студенттерді жұмысқа шақырды, себебі өндіріс орындарынжа білікті химик- технологтар өте қажет.
Химия және химиялық технология факультеті, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г.