ТДМ «Тұрақты даму үшін әріптестік» пункті аясында «Дербісәлі оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өттіFarabi University

ТДМ «Тұрақты даму үшін әріптестік» пункті аясында «Дербісәлі оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

22 қараша, 2024

2024 жылғы 13 қарашада «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Тұрақты даму үшін әріптестік» тармағы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына және шығыстану факультетінің құрылғанына 35 жыл толуына арналған «Дербісәлі оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға ҚР сенаторы Д. К. Қыдырәлі, ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген ардагері Р. Б. Дербісалиева, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, Қ. Қ. Лама Шариф - Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Хуан Сяоминь-Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығын құру мәселелері жөніндегі Консул, Мохсен Фағани-Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы, Гусейнзаде Анар Надир оглы-Әзірбайжан Республикасының Алматы қаласындағы елшілігінің өкілі, Н. Т. Өтпенов-Рухани басқарма төрағасы Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры және басқа да көптеген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияның құрметті қонақтары құттықтау сөз сөйлеген пленарлық отырыстан кейін секциялық жұмыс басталды, онда келесі секциялар шеңберінде ғылыми баяндамалар оқылды:

Секция 1. Академик Әбсаттар Дербісәлінің мемлекет және қоғам қайраткері ретіндегі қызметі, тәуелсіз қазақ еліне ғалым, оқытушы, дипломат шығыстанушы мамандар дайындаудағы іс-тәжірибесі және ғылыми мұрасы

Секция 2. Шығыс елдерінің тілі мен мәдениетін және жазба ескерткіштерін зерттеудің өзекті проблемалары

Секция 3. Шығыс елдерінің тарихы мен саясаты, философиясы мен руханиятының дәстүрлі және қазіргі заманғы проблемалары

Конференция қонақтары мен қатысушыларына сертификаттар, алғыс хаттар және конференция жинақтары табыс етілді.