«Гүлістан» үйірмесінің «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» ТДМ аясында өткізген кезекті шарасыFarabi University

«Гүлістан» үйірмесінің «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» ТДМ аясында өткізген кезекті шарасы

22 қараша, 2024

19 қарашада Гүлістан үйірмесінің жетекшісі Г.Құдайбергенова факультетіміздің түлегі, ирантанушы-аудармашы Жәнібек Көпжасармен кездесу ұйымдастырып, оған ирантану бөлімінің студенттері мен оқытушылары қатысты.  Кездесу барысында Ж. Көпжасар аудармашының кәсіби тәжірибесі, ілеспе аударманың ерекшеліктері, қиындықтары мен артықшылықтары туралы баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, студенттерге ілеспе аударма саласындағы заманауи әдістер мен технологиялар туралы пайдалы ақпарат берілді. Студенттер аудармашыға қызықты сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Кездесу кәсіби дамуға ынталандырып, болашақ аудармашылар үшін құнды тәжірибе болды.

Жәнібек Көпжасар - Шығыстану факультетінің 2007 жылғы түлегі. Қазір жоғары деңгейдегі кездесулер, форумдар мен саммиттерде парсы тілінен қазақ/орыс тілдеріне аударма жасайды.