«Қазақ әдебиетіндегі жаңашыл ағым-бағыттар»

20 қараша, 2024

2024 жылдың 20 қарашасында «6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттеріне «Қазақ әдебиетіндегі жаңашыл ағым-бағыттар» тақырыбында «ТДМ 4. Сапалы білім беру» аясындағы ашық семинар сабағы өтті. Ашық семинарды Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары Лейла Адамқызы Мекебаева, Шоқан Амангелдіұлы Шортанбай ұйымдастырды. Іс-шараға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы арнайы шақырылып, қазақ әдебиетінің заманауи бағыттары жайлы мазмұнды тұжырымдарымен ой бөлісті.  

Ашық семинардың негізгі мақсаты – білімгерлерді қазақ әдебиетіндегі жаңашыл ағым-бағыттардың теориялық және тәжірибелік аспектілерімен таныстыру, қазіргі әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелерді талқылау болды. Гүлмира Рзаханқызы қазақ әдебиетінің бүгінгі даму үрдістерін, шығармашылық ізденістер мен жаңа әдеби тенденциялардың қалыптасуындағы негізгі ерекшеліктерді жан-жақты ашып көрсетті.  

Сабақ барысында цифрлы технологиялардың мүмкіндіктері де қолданылды. Әдебиеттегі жаңашылдық және модернизмнің, постмодернизмнің шығу тегіне толық тоқталып,тың мәліметтер интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, студенттердің тақырыпты меңгеруіне септігін тигізді.  

 

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының

аға оқытушысы Ш.А. Шортанбай